2022 жылдың 21 қараша күні Петропавл қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Жобалар байқауына 9 «А» сынып оқушысы Бақытмұрат Ақбота қатысып, 2- орынға ие болды. Оның жоба жұмысының тақырыбы: «Киіз басу мен ұлттық текеметімізді және жүннен жасалған бұйымдарды жаңаша ңақышта нарыққа шығару».
Бағыты: «Этномәдениеттану»
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы.
Байқау екі кезеңде өтті, бірінші кезең – жоба жұмыстарын қорғау, екінші кезең – жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу.